Жария оферта
«Claude арқылы видеомонтаж» онлайн-курсына қол жеткізу шарты. Редакция: 2026 жылғы 18 қараша.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы құжат «ALMAT.PRO» жеке кәсіпкерінің (бұдан әрі — Орындаушы) кез келген жеке тұлғаға (бұдан әрі — Тапсырыс беруші) онлайн-курсқа қол жеткізуді төменде көрсетілген шарттармен сатуға арналған ресми ұсынысы (жария офертасы) болып табылады.
1.2. Тапсырыс берушінің курс бағасын төлеуі осы оферта шарттарын толық әрі сөзсіз қабылдауы (акцепт) болып саналады.
2. Шарттың мәні
2.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге «Claude арқылы видеомонтаж» бейне-сабағына (бұдан әрі — Курс) интернет арқылы қол жеткізу мүмкіндігін береді, ал Тапсырыс беруші оны төлейді.
2.2. Курс Telegram-бот (@almat_montage_bot) және сайттағы жеке бет арқылы беріледі.
2.3. Курста Claude сервисін пайдалану көрсетіледі. Claude — үшінші тараптың (Anthropic) сервисі. Оның жазылымы (подпискасы) Курс бағасына кірмейді және оны Тапсырыс беруші өзі төлейді.
3. Баға және төлем
3.1. Курс бағасы сайтта және Telegram-ботта көрсетіледі. Төлем теңгемен, Kaspi арқылы жүзеге асырылады.
3.2. Сайттағы таймер мен жеңілдік ақпараттық сипатта. Төлем кезінде ботта көрсетілген баға қолданылады.
4. Курсқа қол жеткізу
4.1. Төлем расталғаннан кейін Тапсырыс берушіге Telegram-бот арқылы Курсқа жеке сілтеме жіберіледі.
4.2. Жеке сілтемені үшінші тұлғаларға беруге, Курс материалдарын көшіруге, таратуға және сатуға тыйым салынады.
4.3. Курсқа қол жеткізу кемінде 12 ай бойы сақталады.
5. Қайтару
5.1. Егер төлемнен кейін 3 жұмыс күні ішінде Курсқа қол жеткізу берілмесе, Тапсырыс беруші ақшаны толық қайтаруды талап ете алады.
5.2. Курсқа қол жеткізу берілгеннен кейін ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайтарылады. Өтінішті Telegram арқылы жіберуге болады: @almat_pr0.
6. Жауапкершілік
6.1. Орындаушы Курстағы әдістердің Тапсырыс беруші үшін белгілі бір нәтиже (қаралым саны, табыс т.б.) беретініне кепілдік бермейді. Нәтиже Тапсырыс берушінің өз әрекетіне байланысты.
6.2. Орындаушы үшінші тарап сервистерінің (Claude, Telegram, Kaspi) жұмысындағы іркілістерге жауап бермейді.
7. Дербес деректер
7.1. Тапсырыс беруші өзінің дербес деректерін Құпиялылық саясатына сәйкес өңдеуге келісім береді.
8. Орындаушының деректемелері
ЖК «ALMAT.PRO»
ЖСН/БСН: 941214300844
Мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 201 үй, 403 пәтер/кеңсе
Байланыс: Telegram @almat_pr0